Courier

Бизнеске арналған жеткізу қызметі

Дүние жүзіндегі тұтынушылар inDrive.Курьерлер қызметін пайдаланады

260+

қалалар

38

Ел

175

млн рет қолданбаны орнату

Неліктен компаниялар inDrive Курьерлер қызметін таңдайды

Дәл қазір жіберу

Қазір тіркеліңіз және курьерлерге қолданбасыз тапсырыс беріңіз. Қанша қажет болса сонша, бәрі бір мезгілде

Шығындарыңызды өзіңіз таңдайсыз

Бағаңызды ұсынып, ұтымды мәміле жасаңыз. Жеткізуге төлейтін ақшаны алдын ала жоспарлаңыз. Көлегейсіз, болжауға болатын баға

Тез жеткізу

Курьер затыңызды алып кетуге орташа алғанда10 минутта келеді

Сенімді сақталады

Рейтингі бойынша сенімді курьерді таңдаңыз. Орналасқан жерін және жеткізу күйін қадағалаңыз

Мына жерлерден жеткіземіз:

Интернет-дүкендер
мейрамханалар мен азық-түлік дүкендері
гүл мен сыйлық дүкендері
автобөлшек дүкендері
үй жануарларына арналған тауарлар
және басқалары
Flow image
01

Тапсырыс жасау

Алып кететін және апаратын мекенжайларды енгізіңіз. Қажеттіліктеріңізге сай жеткізу түрін таңдаңыз: мото, авто немесе жаяу курьер. Әділ баға ұсыныңыз
Flow image
02

Ең жақсы ұсынысты таңдаңыз

Рейтингі, бағасы және келетін уақытына қарай сенімді курьерді таңдаңыз
Flow image
03

Жіберу және қадағалау

Курьердің қайда екенін қараңыз, сәлемдеменің күйін қадағалаңыз және қашан жеткізілетінін біліңіз
Flow image
04

Жақсы өтті ме?

Қанағаттану деңгейіңізді білу және қызметті жақсарту үшін курьерге және жеткізуге баға беріңіз
Courier image

inDrive.Курьерлер қызметін
бизнесте
қолданып көріңіз

Егер сәлемдеменің салмағы 20 кг-нан асса,
біздің жүк тасымалы қызметін пайдаланыңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіркелу үшін қандай құжаттар керек?

Тіркелу үшін тек телефон нөмірі қажет; басқа құжаттар керек емес.

Мына қадамдарды орындаңыз:

  1. SMS арқылы дұрыстығын растау кодын алу үшін телефон нөміріңізді енгізіңіз. Оны сұрауыңызды қабылдаған курьерлер ғана көреді
  2. SMS хабарындағы кодты енгізіңіз
  3. Курьерлер сізге қоңырау шалуға тиіс пе, жоқ па, соны таңдаңыз
  4. Қандай жеткізу түрі керек екенін таңдаңыз: іскери немесе жеке мақсатта пайдалану

Қолданбадағыдай тіркелгіні пайдалануыма болады ма?

Қолданбадағы телефон нөмірін пайдаланып «Курьерлер» қызметінің веб-нұсқасына қосылуға болады.

Жеткізуді сұрауды қалай жасауға болады?

Жеткізу туралы сұрауды қалай жасауға болады

  1. Сәлемдемені алып кететін және жеткізетін мекенжайларды енгізіңіз.
  2. Жеткізу бағасын ұсыныңыз. Курьердің оны қабылдауына немесе басқа баға ұсынуына болады.
  3. Сәлемдемені жеткізетін курьер түрін таңдаңыз.
  4. Жеткізу нұсқаларын таңдаңыз. Курьер сәлемдемені тікелей алушының есігіне жеткізгенін қаласаңыз, «Есіктен есікке» жеткізуді таңдаңыз.
  5. Қолайлы төлем әдісін таңдаңыз.
  6. Жіберуші мен алушының телефон нөмірлерін көрсетіңіз.
  7. Жеткізгіңіз келетін заттар туралы толық ақпарат беріңіз.
  8. Іздеуді бастаңыз да, курьерлердің ұсыныстарын күтіңіз.

Бір мезгілде бірнеше тапсырыс жасап, оларды «Белсенді тапсырыстар» бөлімінде қадағалауға болады

Курьерді таңдауға болады ма?

Әрине! Курьерді таңдау үшін тапсырыс жасағаннан кейін ұсыныстардың түсуін күтіңіз. Содан кейін бағасы, қашықтығы, рейтингі және көлігі бойынша ең қолайлысын таңдаңыз

Тапсырыстың жеткізілгенін қалай білемін?

Курьер тапсырысты жеткізгеннен кейін құлақтандыру аласыз.
Сонымен қатар, жеткізілімдерді, бақылау күйлерін, құлақтандыруларды және курьердің картадағы орналасқан жерін нақты уақыт режимінде қадағалауға болады.

Жеткізу ақысын қалай төлеу керек?

Жеткізу ақысын жіберуші немесе алушы тікелей курьерге төлейді. Қолданыстағы төлем әдістері қазіргі орналасқан жеріңізге байланысты.

Жеткізуге қатысты қиындық орын алса, қолдау бөліміне жазыңыз

Жеткізу ережелері

Сәлемдеменің ең үлкен шекті салмағы
автокурьер — 20 кг
велокурьер, мотокурьер және жаяу курьер — 10 кг

Жеткізу ережелері

  • Заттарды қорапқа немесе сөмкеге салу керек
  • Сәлемдеменің ішіндегісі 100 АҚШ долларынан аспауға тиіс

Төмендегі заттарды жіберуге немесе тасымалдауға болмайды

  • спиртті ішімдіктер, темекі және электрондық шылым
  • асыл тастар, қымбат бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар
  • қару-жарақ, мылтықтар, оқ-дәрі
  • әдепсіз немесе порнографиялық материал
  • әскери құрал-жабдық немесе олардың бөлшектері немесе керек-жарақтары
  • жарылғыш заттар, радиобелсенді
  • газ немесе суық қару мен оның бөлшектері
  • оқ дәрі, уран, у, қару-жарақ
  • отшашулар, сигналдық алаулар мен патрондар
  • шетел валютасы мен бағалы қағаздары
  • аса құнды заттар, мысалы, зергерлік бұйымдар, қымбат металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар
  • есірткі немесе психотроптық заттектер
  • дәрі-дәрмек
  • саудасы шектелген немесе айналымнан алынып тасталған бұйымдар мен тауарлар